Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ: Рамазан айына байланысты брифинг өтті
28 наурыз, 2022 жыл 302 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Рамазан айына арналған брифинг өтті. Жиынға «SARYARQA», «5 арна» «1 Қарағанды» арналарының тілшілері қатысты.

Баспасөз мәслихатында Рамазан айының артықшылығы, мұсылман халқының аталған айды тойлауы, ондағы сауаптар мен ерекшеліктер сөз болып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының халыққа үндеуі жеткізілді.

Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы өз сөзінде: «Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Қасиетті айда адам баласы көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқаруға тырысады. Ораза пендені тақуалыққа тәрбиелейді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Биыл исі мұсылман жұртшылық асыға күткен қасиетті ай сәуірдің екінші жұлдызында басталады, ал бірінші  сәуірде тарауық намазы оқылады және ораза 30 күнге толмақ. Ұлық ораза айт мерекесі екінші мамырда аталып өтіледі. Қадір түні сәуірдің 27-нен 28-на қараған түні» - деп атап өтті.

Рамазан айында Құран хатым жасайтын топтар құрып, шет елден арнайы қарилар шақыртылды.  Жамағатты сауапты істерге жұмылдыру жағына басымдық берілмек. Биыл пітір садақасы жан басына – 500 теңге болып бекітілді. Ал биылғы фидия мөлшері оразаның әр күні үшін 3000 теңге деп бекітілді. Құранда Алла Тағала «Бақара» сүресінің 184-аятында: «бір міскіннің тамағын берсін» деген. Тілшілер неке қию, ораза уақытында вакцина салдыру сынды сауалдарын қойып, керекті мәліметтерін түртіп алды.

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары