Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ
28 сәуір, 2022 жыл 218 Басып шығару нұсқасы

Сауабы сексен үш жылға тең келетін ұлық түнді исі мұсылман қауымы құлшылықпен әсемдеп, кешірім мен мейірімге толы мезеттен үлес алуға асығады. 

Осындай игі тілек жүрегін кернеген мұсылман қауымы бүгін құлшылық ордаларын лық толтырды. Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің өзінде бұл түні ине шаншар орын қалмады десек те болғандай. Алып мешіттің іші ғана емес, атшаптырым ауласы да сап түзеген жамағатқа толып,  қасиетті Қадір түнін қарсы алды. Бұл түні облыстық мешітте жамағатқа барынша жайлылық жасалып, мешіт ауласына жайнамаздар төселіп, қосымша орындар әзірленген. 

 «Мың айдан да қайырлы» Қадір түні жайында жамағатқа қысқаша уағыз айтып, сауапқа толы сәтті абзал амал-әрекеттермен әрлеуге үндеді.

Мыңдаған мұсылман жамағаты бір үйдің баласындай бірлікпен сап түзеп, тарауих намазын оқып болғасын Құран хатым дұғасы жасалды. Қарилар  бұл түні қасиетті Құранды хатым етіп, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы хатым дұғасын жасады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары