Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртауда жас отбасыларға арналған рухани кездесу өтті
15 мамыр, 2022 жыл 317 Басып шығару нұсқасы

Теміртауда жас отбасыларға арналған рухани кездесу өтті 
 
Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде 15 мамыр - халықаралық отбасы күніне орай «Жастар және отбасылық қатынастар» тақырыбында рухани кездесу болып өтті. Айтулы шараға жуырда ғана Алланың үйіне келіп ақ некесін қидырған жас отбасылар арнайы шақырылды. 
 
Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы мен орталық мешіттің наиб имамы Асхат Нұртайұлының ерлі-зайыптылардың сыйластығы мен отбасылық әдептер жайында айтқан ғибратқа толы насихаттары жаңадан шаңырақ көтерген жастар үшін нағыз рухани азық болды.  
 
Шара соңында мешіт тарапынан арнайы әзірленген жанұялық тақырыптағы рухани кітаптар мен сыйлықтар үлестірілді. 
 
Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы негізінде еліміздің мешіттерінде үлкен өмірге алғашқы қадамдарын енді ғана аттаған жас жанұялардың бірлігін бекемдеп, ерлі-зайыптылардың бақытқа жету жолын нұсқайтын арнайы шаралар ұйымдастырылып келеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары