Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТЕМІРТАУ ЖАМАҒАТЫНА ИХСАН НЕГІЗІНДЕ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ
17 мамыр, 2022 жыл 299 Басып шығару нұсқасы

Теміртау жамағатына Ихсан негізінде уағыз айтылды 
 
Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Ихсан - рухани тәрбие негізі» кітабының әдеп тақырыбында жамағатқа уағыз айтылды. 
 
Теміртау орталық мешітінің наиб имамы Әлімбек Дәулетбекұлы бесін намазына жиналған жамағатқа мұсылманның әдебі туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтып кеткен ғибратқа толы насихаттарын жеткізіп, Құран Кәрімнің сол туралы жазылған аяттарын баян етті. 
 
Айта кетейік, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары