Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«MUNARA TV» АРНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «IHSAN MEDIA»-НЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
21 мамыр, 2022 жыл 305 Басып шығару нұсқасы

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан «MUNARA TV» республикалық рухани-ағартушылық телеарнасы ашылған болатын.  Күні бүгін аталмыш телеарнаның басшысы  Нұржан Таласұлы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне арнайы ат басын бұрып, «IHSAN MEDIA» студиясының жұмыс барысымен танысты. Қызметтік сапар барысында  облыстық www.ihsan.kz  сайтының бас редакторы Ақжігіт Оразалыұлымен кездесіп, студияның тыныс-тірілігінен хабар алды. Діни басқарманың төл телеарнасымен бірлесе отырып, тың дүниелерді жарыққа шығарып, халыққа рухани ақпарат-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында бірнеше жоспарларды талқыға салды. Сонымен қатар, сүбелі сұхбат барысында Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Естай Айтуғанұлы «NAQYL MEDIА» студиясының қазіргі жұмыс барысымен таныстырып, алға қойылған мақсаттармен бөлісті. Елордадан арнайы ат терлетіп келген Нұржан Тарқұлов Қарағанды облысына қарасты студиялардың бүгінгі жұмысына өзінің оң бағасын берді.

Қазіргі уақытта «IHSAN MEDIA» студиясы діни басқарманың медиа саласындағы жұмыс ауқымын ұлғайтуға өзіндік үлес қосуға белсене кірісіп кетті.

ҚМДБ –ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары