Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
01 маусым, 2022 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Қарқаралы қалалық «Құнанбай қажы» мешітінде  «Қайырымдылық жасасаң-қайырын өзің көресің» атты  қайырымдылық шарасы өтті. 

  Акция аясында мұқтаж отыз отбасыға көмек көрсетілді. Әр отбасына азық-түлік салынған себеп таратылды.

Игі шара барысында Бас мүфти дініміздегі жақсылық жасаудың маңыздылығы мен әлсіздерге қамқор болудың сауабы жайында насихат айтты. Алла елшісінің қайырымдылық жасауда ескен желдей болып кететін дархан мінезін көпке үлгі етіп, баршаны қолы ашық жомарт болуға, айналамызға қуаныш пен шуақ шашып жүруге шақырды. Сондай-ақ, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілдерін аулап, олардың өмірге деген құлшынысын арттыруға, сол арқылы қайырымды қоғам құруға үндеді.  Сонымен қатар,  игі істің өтуіне атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді.  

Азық-түлік себеттерін алған отбасылар игі жобаға қолғабыс тигізген барша дін қызметкерлеріне, қайырымды жандарға шексіз ризашылықтарын жеткізді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары