Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.  
10 маусым, 2022 жыл 42 Басып шығару нұсқасы

 Қарағанды  қаласының   Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.  
Күн тәртібінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы мәселелер қаралды. Және жаңа Қазақстанды дамытудағы алдағы референдумның тарихи маңыздылығы туралы айтылды.
Қарағанды облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Қомарұлы Алтынбеков кеңес қызметіндегі басым міндеттерді атап өтті.   Сондай – ақ, кеңес отырысында Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасарлары Молотов-Лучанский Вилен Борисович, Дюсетаев Берік Смағамбетұлы, Теміртау қаласының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ломакин Алексей Борисович, Жаңаарқа ауданының Қоғамдық келісім төрағасы Амантай Нығытайұлы, Қарағанды облысы ҚХА облыстық Аналар кеңесінің құрметті мүшесі Төлеуханова Куліш Төлеуханқызы сөз сөйледі.  
Әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі, екінші республиканың игілігі жолындағы жұмыс ҚХА-ның елдегі саяси және әлеуметтік реформаларды іске асырудағы рөлін күшейтетіні сөзсіз.  Отырысты қорытындылай келе  Алтынбеков Б.Қ.   «Мақсатымыз айқын. Барлығымыз  бірігіп,  «бір жеңнен қол-бір жағадан бас» шығарып  үлкен  жауапкершілікпен Президент қойған міндеттерге бірге жетейік!» деді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары