Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау жамағаты зират басына тазалық жұмыстарын жүргізді
11 маусым, 2022 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінің ұйымдастыруымен қала шетіндегі зиратқа тазалық жұмыстары жүргізілді. Қала бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған діни қызметкерлер ұжымы мен жамағаттың атсалысуымен мұсылман мазарларын қоқыстан тазартып, марқұмдар рухына дұға бағыштап қайтты. 
 
Қасиетті Құран аяттарымен басталған сауапты шара басында Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы марқұмдарға құрмет көрсету, мазар басын тазалау жұмыстарының қаншалықты маңызды һәм сауапты екенін айтып өтті. 
 
Айта кетейік, Теміртау қаласының шетіндегі зират маңына тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сауапты шараның желісін жалғастырған бүгінгі тазалық жұмысы да ойдағыдай аяқталып, зират маңы едәуір тазарып қалды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары