Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТӨЛЕУТАЙ АТА МЕШІТІ ШӘКІРТТЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ
30 маусым, 2022 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Жас буынға асыл дініміздің құндылықтарын сусындатып, ілім жолында ерен еңбек етіп жатқан  Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде бір айлық «Имани жаз» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге  «Төлеутай ата» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы  арнайы сертификат табыстап,  ілім алған шәкірттерге жылы лебізін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу дәрісінде мектеп жасындағы балаларға ислам  әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Ресіми түрде марапаттағаннан кейін шәкірттерге  арнайы тамақтану орнында  дастархан жайылып, ас берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары