Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау мешіттерінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы аяқталды
01 шілде, 2022 жыл 536 Басып шығару нұсқасы

Теміртау мешіттерінде маусым айынан басталған балаларға арналған «Имани жаз-2022» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтап, шәкірттерге арнайы сертификаттар табыс етілді. Бір ай бойы Құран әліппесімен танысып, Алланың сөзін оқуды үйренген шәкірттер аталмыш курсты сәтті аяқтап шықты.  
 
Айтулы шараға қатысқан Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы мен Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітінің имамы Елдос Жұмаділда шәкірттерге арнайы сертификаттарды табыстап, Құран Кәрім кітабын сыйға тартты. 
 
Игі шара соңында мешіт асханасында балалар мен ата-атаналарға арнайы дастархан жайылып, ұрпақтарымыздың білімді болуын тілеп дұға жасалды. 
 
Айта кетсек, биылғы жазғы сауат ашу курсына Теміртау қаласының екі мешітінде 80-нен аса бүлдіршіндер қатысып, шариғаттың бастауыш білімдерін алып шықты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары