Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ:ҚҰРБАН АЙТҚА ҚАТЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ
07 шілде, 2022 жыл 212 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде БАҚ өкілдеріне арналған жиын өтіп, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастаған қалалық мешіт имамдары биылғы Құрбан айттағы құрбан шалудың ерекшелігіне тоқталды.                    

          Құрбан айт мерекесі биыл елімізде 09-11 шілде аралығында өтетінін хабарлай келе, құрбандық шалу рәсімі өткізілетінін аймақтапдың  мекен-жайынан хабар берді.

Жиынға Қарағанды қалалық мешітінің имамдапы да қатысты. Атап айтқанда, «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлы, «Төлеутай ата» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы, «Қазыбек би» мешітіінң имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы, «Әл-Машани» мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы.

Жиын барысында облыс бас имамы: «Онлаин құрбан шалушы ҚМДБ-ның арнайы құрған www.qurban2022.kz   сайты арқылы тапсырыс беріп, құрбандық малын шалдыра алады. Сондай-ақ, қайырымдылық етін аламын деуші жандар да осы сайт арқылы ет алуға өтініш білдіре алады. Ал, құрбандықтың еті былтырғы дәстүр бойынша қайырымдылыққа жұмсалып, көмекке мұқтаж, қолдауға зәру жандарға үлестірілетін болады» деп атап өтті. 

Брифинг кезінде облыс бас имамы құрбандық шалатын арнайы бекітілген орындар және мұқтаж отбасыларға құрбандық етін тарату жұмысын ҚМДБ-ның Қарағанды облысы мешіттері, жамағаты мен еріктілер жүзеге асыратынын атап өтті.

Ұлық мереккенің қарсаңына орай облыстық мешітте  мерекелік бағдарлама жоспары құрылды. Алдымен, 9-шілде айт намазы сағат 6:30 оқылады.

Мешіт ауласына киіз үй тігіліп, жамағатқа ыстық ас беріледі. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай мешіт ауласында ұлттық және спорттық ойындардан сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға жүлделгі сыйлықтар берілмек. Атап айтқанда, қол күресі, найза ату, арқан тартыс, асық ату, кір тасын көтеру сынды ойындар бойынша жамағат бақ сынаспақ.

 

Құрбан шалынатын орындардың мекен – жайы:

  1. Резник көшесі  18  («Абишев А.О» ЖК)
  2. Н. Гоголь көшесі 2/23 («Арай.kz»  ЖШС)
  3. С.Сейфуллина көшесі 53 («Хасенов» ШҚ)

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары