Тілдік нұсқа
Радио

Фото

КАТОЛИКТІК ШІРКЕУ ӨКІЛДЕРІ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)
20 қыркүйек, 2022 жыл 451 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласындағы католик шіркеуінің епископы Дель`Оро Аделио   және  Индонезиядан келген католик дін өкілдері, Ватикандағы папа римскидің мұсылмандармен қарым-қатынас бөлімінің хатшысы Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітін зиярат етті.

Дінаралық қарым-қатынас пен өзара байланысты нығайтпаққа ниет етіп келген құрметті қонақтар Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қабылдауында болды. Кездесу дастархан басында өз жалғасын тауып,  алдағы уақытта бірлесе отырып атқарылатын қайырымдылық және рухани шаралар хақында әңгіме өрбітті. Келелі кездесу барысында облыс бас имамы қонақтарға естелік ретінде сый ұсынып, өзінің ыстық ілтипатын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, католиктік шіркеу өкілі Дель`Оро Аделио бұдан бұрын да облыстық мешітімізге келіп, әр мейрамда өзінің құттықтауын жеткізген болатын. Жергілікті мұсылман бауырлармен де етене араласып үлгерген. Бұл кездесулер дінаралық татулықты нығайтумен қатар ішкі тұрақтылықты дамытудың кепілі болмақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары