Тілдік нұсқа
Радио

Фото

АУДАНДЫҚ МЕШІТКЕ КӨЛІК СЫЙЛАДЫ
10 қазан, 2022 жыл 734 Басып шығару нұсқасы

«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Жарылғапұлы Асанов Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітіне су жаңа көлікті сыйға тартты.

«Біз осы елдің азаматы ретінде игі бастаманы басқаларға үлгі болса, жақсылық көбейсе екен деген ниетпен жасадық. Көліктің қай уақытта да керектігі рас. Осы көлік Алланың үйінің пайдасына жараса болар. Жақсылығымыз көп болғай»,-деді Нұркен Жарылғапұлы өз сөзінде.

Шараға аудан әкімі Ерлан Құсайын арнайы қатысып,  қасиетті Алла үйіне үлкен демеушілік көрсеткен қоғам қайраткеріне  аймақ тұрғындарының атынан шексіз алғысын білдірді. Одан кейін «Құнанбай қажы» мешітінің  имамы Митератбек Құбылайханов  атымтай жомарт жандарға шексіз ризашылығын білдіріп, елдің ақсақалдары дұға жасады. 

Жаны жайсаң бауырымызға алдағы уақытта да Алланың нұры жауа берсін деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары