Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шахтинск қаласындағы Мәуліт кешінде Ұмра қажылығына жолдама берілді
15 қараша, 2022 жыл 233 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысы Шахтинск қаласында өткен қасиетті Мәуліт кешінде кіші қажылыққа жолдама берілді. Шахтинск қаласының бас имамы Әсет Наурызбайұлының ұйымдастыруымен өткен рухани шараға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, Елордадан арнайы келген «Райса ана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоев, Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Есетұлы және жергілікті қала тұрғындары мен мешіт жамағаттары қатысты.

Игі шара барысында Пайғамбарымызға  (с.ғ.с.) салауаттар оқы¬лып, сә¬лемдер айтылды. Алла Елшісінің  (с.ғ.с.) өмір жолы мен сүнеттері насихатталып, терме-толғау, ғибратты ән-жырлар мерекенің одан әрі шырайын ашты.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларының тарапынан арнайы дайындалған өнегеге толы сахналық қойылымдар қойылды. Жеребе таңдау әдісі арқылы кіші қажылыққа арнайы жолдама ойнатылып, облыс бас имамы бағы жанған жергілікті қала тұрғынына қасиетті сапарға арналған жолдаманы тарту етті. 

Тағылымды кешке келген қонақтар ерекше әсер мен мол рухани азық алып қайтты. Шара соңында жамағатпен елдің амандығы мен тыныштығын тілеп бата жасалды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары