Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдары Мәшһүр Жүсіп кесенесін зиярат етті
21 қараша, 2022 жыл 229 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған бір топ имамдар «Дархан дала» жобасы аясында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесін зиярат етті. Бабамыздың атына Құран бағышталып, дұға жасалды.

Айта кетсек, данагөй бабамызды қазақ жұрты көрнекті ойшыл, философ ретінде таниды. Ол кісі араб және парсы тілдерін жетік меңгеріп қана қоймай, көп тілді білген ғұлама болып саналады. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп өзінің ұлағатты сөздері арқылы дәстүрлі дініміз үшін де мол еңбек сіңіріп, күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады.

Кешегі арда бабаларымыздың ғибратты өмірінен өнеге алу бүгінгі ұрпаққа аманат. Міне, осы мақсатты көздеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасы негізінде Естай Айтуғанұлы бастаған Қарағанды облысының имамдары аталмыш игі сапар аясында рухани құндылықтарымызды жаңғыртуды ниет етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары