Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Абай орталық мешітінде қайырымдылық қоржыны үлестірілді
19 желтоқсан, 2022 жыл 175 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің құрметіне орай әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүгедек жандарға азық-түлік қоржыны үлестірілді.

Ел тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай өткен игі шара барысында отыз отбасы қамтылды. «Қайырымдылық-қайырлы іс» атты шара барысында аудандық мешітке жиналған отбасыларға мешіт наиб имамы Саян Дүйсенбекұлы шараның мақсаты мен маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, ұлттық мерекемен құттықтап, ел егемендігінің берік болуын тіледі.

Отыз отбасыға теңдей үлестірілген азық-түліктер мешітке келе алмаған отбасылардың шаңырағына жеткізіліп берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары