Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде әйелдер жамағаты бас қосты
19 желтоқсан, 2022 жыл 427 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы  Бакирова Арай Серғалиқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік –тұғырым» атты рухани шара болып өтті.

Аталмыш шараны мешіт ұстазы кешке жиналған әйел-қыздар жамағатын ел егемендігінің асқақтаған тарихи күнімен құттықтау сөзінен бастады. Әйелдер жамағатының желтоқсан құрбандарына арнап оқыған Құран хатымының арнайы дұғасы бағышталды. Құран хатым дұғасын Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстаз Қасым Махмұд Бекболатұлы оқыды.

Шара барысында уағыз-насихат айтылып, желтоқсан оқиғасының құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Шара соңында берекелі кешке жиналған аналар мен қыз-келіншектер осындай игі шараның өтуіне мұрындық болған мешіт ұстазы Арай Серғалиқызына ризашылықтарын білдірді.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары