Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Абай аудандық мешіті ұжымы марапатталды
23 желтоқсан, 2022 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен жылды қорытындылау рухани кеші болып өтті.

Жиынға аймақтық мешіттің дін қызметкерлері мен құрметті ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. Кеш барысында аудан имамы  бір жылдық  жұмыстардың қорытындысын жасап, жетістіктерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе халық игілігі үшін еңбек еткен мешіт  қызметкерлеріне алғысын білдірді. Мешіт жамағатының бірлігі мен берекесін келтірген құрметті ақсақалдар қауымына ерекше алғысын білдірді.

Бір жыл бойы діннің дамуы мен өркендеуі жолында аянбай қызмет еткен  мешіт қызметкерлеріне арнайы алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, кештің барлық қонақтарына сыйлықтар үлестірілді.

Одан кейін, аудан имамы Асхат Қанайұлы жоспар бойынша алдағы атқаратын жұмыстар легін тілге тиек етіп, мешіт ұжымына  сәттілік пен жеміс тіледі.  

Кеш соңында ақсақалдар бата беріп, осындай берекелі кешті ұйымдастыруға мұрындық болған Абай аудандық мешіті ұжымына шексіз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары