Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау қалалық Жақып Ақбай мешітіне жаңа имам тағайындалды
23 желтоқсан, 2022 жыл 857 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйырығымен Қарағанды облысы өкілдігіне қарасты Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітіне жаңа имам тағайындалды. Жұма намазына жиналған жамағатқа «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ильмеев Талғат арнайы бұйрықты оқып таныстырды. Сондай-ақ, Жанболат  имамның дін саласындағы ерен еңбектерін атап өтіп, жаңа  жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Жанболат Жұматұрұлы бұған дейін екі жыл Қарағанды қалалық «әл- Машани» мешітінің имамы қызметін абыроймен атқарған болатын.

Білімі:  
- 2010-2014жж. «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті "Дінтану" мамандығы;
- 2014-2017жж. «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, магистратура;

Жұмыс тәжірибесі:
- 2014 жыл (наурыз-қыркүйек) СҚО Петропавл қаласы, Қызылжар орталық мешітінде наиб имам,
- 2014-2016жж. Алматы қаласы, Талғар ауданы дайындық курсында оқытушы;
- 2016-2017жж. «Нұрлы Білім» ҚБ теолог;
- 2017-2018жж. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде наиб имам;
- 2018-2020жж. «Теміртау орталық мешітінде» бас имам;
- 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін  Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешітінің имамы қызметін атқарды.

http://www.ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары