Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Қарқаралы ауыл жастарның 1 –форумы» өтті
26 желтоқсан, 2022 жыл 39 Басып шығару нұсқасы

  Қарқаралы ауданында «Қарқаралы ауыл жастарның 1 –форумы» өтті. Жиынға ауданның белсенді жастары мен форум делегаттары қатысты.

Форумның басты мақсаты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Мемлекет ауылдан басталады»,- атты жолдауын жүзеге асыру.

Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы арнайы қатысып, Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, форумға қатысушыларға  баяндама оқыды.

«Алдымен баршаңызды Тәуелсіздіктің 31-жылдығымен құттықтаймын. Егемендік бүгінгі ұрпақтың баға жетпес сыйы. 31-жыл халқымыз үшін баға жетпес белес. Біз осы уақыт ішінде ата-бабамыздың асыл арманын орындап қана қоймай, оны баянды ете білдік. Бұл барша халқымыздың ортақ жеңісі»,-деді Нұржігіт Оразалыұлы өз сөзінде. Сондай-ақ, форумға қатысушыларға ҚМДБ-ның тарапынан қабылданған рухани жеті қазықты таныстырып, тұғырнамада айтылған жеті қасиеттің қазіргі жастардың бойынан табылуы шарт екенін түсіндіріп өтті.

 Шара  барысында аймақтың белсенді жастары марапатталып, алдағы жылға тың жобалалар мен жоспарлар бекітілді.  Сонымен қатар, жастардың алдағы жылдағы игі істеріне  сәттілік серік болсын! - делінді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары