Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының бас имамы облыс әкімімен кездесті
06 қаңтар, 2023 жыл 198 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлымен жүздесті. Келелі кездесу барысында бас имам Қарағанды облысына жаңадан тағайындалған өңір басшысы Ермағамбет Қабдулаұлының қызметіне сәттілік тілеп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемі мен құттықтауын жеткізді.  
 
Берекелі басқосуда Қарағанды өңірінің жаңа басшысы Ермағамбет Қабдулаұлы өз кезегінде облыс бас имамының да қызметіне сәттілік пен толағай табыс тіледі.  
 
Облыс бас имамы осы жылы атқарылатын діни басқарма бекіткен негізгі бағыттар мен алдағы кезеңдегі жоспарлар жайында баяндап, өңір басшысымен ортақ мүдделер тұрғысынан бірлесе қызмет жасауға келісті. 
 
Сондай-ақ жаңадан бой көтеріп жатқан облыстағы медреселер мен мешіттердің құрылыс барысы және имамдардың әлеуметтік мәселесі талқыға салынды.  
 
Қарағанды облысының діни ахуалынан хабар алған облыс әкімі Ермағамбет Қабдулаұлы өз кезегінде облыс бас имамы Естай Айтуғанұлына ел келешегі мен өңіріміздегі діни тұрақтылық жолында бірге қызмет атқаруға дайын екенін жеткізіп, тараптар дін мен дәстүр сабақтастығы төңірегінде бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары