Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Мектеп оқушылары демалыстарын мешітте өткізді
08 қаңтар, 2023 жыл 81 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық Бала қажы мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен  қысқы демалыс уақытына орай мектеп жасындағы жеткіншектерге  арналған сауат ашу дәрістері  мәресіне жетті.

Шараның басты мақсаты балалардың ілімге деген ынтасы мен құлшылығын ояту. Осы орайда демалыс уақыттарын мешітте өткізген мектеп оқушылары Құран оқуды үйреніп қана қоймай, имандылық дәрістерінен сабақ алды.  Өз уақыттарын тиімді өткізген  шәкірттерге мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы арнайы сыйлықтар үлестіріп, ілім алудың маңыздылығы жайында насихат айтты. 

Айта кетейік, діни дәрістер алдағы уақытта  өз жалғасын табатын болады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары