Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы өкілдігі «Тегін такси» қайырымдылық акциясын бастады
11 қаңтар, 2023 жыл 40 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде жылдағы үрдіс бойынша Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен облысқа қарасты бүкіл мешіттерде «Тегін такси» қайырымдылық акциясы жарияланды.

Игі шара облыстық «Әнет баба» мешітінде бастау алып, ауа райының қолайсыздығына орай жергілікті тұрғындар мен көшедегі жолаушыларға жәрдем көрсету мақсатында өкілдік бойынша жүзден астам тегін көлік қызмет жасауда. 

Сауапты істі бастамаққа ниет еткен дін қызметкерлері мен ерікті жамағатқа облыс бас имамы сәттілік тілеп, алғыс білдірсе, ақсақалдар батасын беріп, дұға жасады. 

Бас имам Естай Айтуғанұлы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Мұсылманның міндеті – әркез бауырына қамқорлық таныту, мейірбан болу. Бүгін ұйымдастырылып отырған «Тегін такси» қайырымдылық акциясының да басты мақсаты қала тұрғындарына көмек көрсетіп, ауа райының қолайсыз уақытында қол ұшын беру. Бұл қайырымдылық акциясы ары қарай да жалғасын таппақ. Барлықтарыңызды осы игі шараға үлес қосуға шақырамыз!», - дей келе көлігі бар азаматтарды сауапты іске атсалысуға үндеді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары