Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Төлеутай ата» мешітіне жаңа имам тағайындалды
13 қаңтар, 2023 жыл 536 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Құрманов Серік Аманбайұлы  Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінің бас имамы болып тағайындалды. 

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Астана қаласының «Шейх Кунта қажы» мешітінің найб имамы қызметін атқарған Серік Құрманұлының қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты атқарарына сенім білдірді. 

Сондай-ақ, «Төлеутай ата» мешітінде бұған дейін екі жылға жуық бас имам қызметін абыройлы атқарып, дін жолында белсенді еңбек еткен Мусин Сайлау Жұмағұлұлының қызметіне алғысын білдіріп, иығына қазақы қошеметпен шапан жапты.

Құрманов Серік Аманбайұлы

1979 жылы 1-қыркүйекте  Ресей федерациясы, Курган  облысында дүниеге келген.

Білімі:
-    1995-1998 жж Сарағаш медресесі;
-    2004 жылы Республикалык Имамдар білім жетелдіру институты;
-    2018-2020 жж Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті;

Жұмыс тәжірибесі: 
-    1998-2001 жж СҚО бас имамның көмекшісі;
-    2001-2009 жж СҚО Атыртау аудандық мешітінің бас имамы;
-    2010-2013 жж Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің  имамы;
-    2013-2015 жж қазіргі Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің найб имамы;
-    2015-2018  жж Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінің бірінші (орынбасары) найб имамы;
-    2018-2021 жж Астана қалалық «Әс-Салам» мешітінің бас имамы;
-    2021- жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана  қаласының «Шейх Кунта қажы» мешітінің найб имамы қызметін атқарды.
Үйленген, 9 баласы бар.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары