Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде 100 отбасыға азық-түлік таратылды
17 қаңтар, 2023 жыл 79 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс имамы Естай Айтуғанұлының қатысуымен «Зекет және қайырымдылық» қоры тарапынан тұрмыстық жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді. 

«Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлы бастаған еріктілер тобы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен жалғызбасты және көпбалалы аналарға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік салынған арнайы қоржындарды табыстады.

«Қиын-қыстау сәттерде мұсылманның бір-біріне жәрдемдесуі міндет болып есептеледі. Біздің бүгінгі шарадан мақсатымыз сіздерге аз да болса қолдау көрсету. Алла Тағала ұл-қыз тәрбиелеп отырған сіздердей аналарға күш-қуат беріп, берекелі, мол ризық нәсіп етсін», - деп облыс бас имамы жиналған жандарға демеу бере кетті.

Айта кетейік, азық-түлік салынған қайырымдылық қоржындарын біраз отбасы мешіттен келіп алса, тізімдегі белгілі себептермен келе алмайтын отбасылардың мекенжайына жеткізіп берілді. Оны өкілдік қызметкерлері мен облыстық «Әнет баба» мешітінің еріктілер тобы жүзеге асырды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары