Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Дін мен дәстүр» аясында жастармен рухани кеш болып өтті
20 қаңтар, 2023 жыл 265 Басып шығару нұсқасы

  «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды»,- деген қағиданы ұстанған Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің шәкірттері дәстүр бөлмесінде бас қосты. Діни сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттерді топтастырып «Жастар ісі» секторының жетекшісі, ұстаз Махұд Бекболатұлы апта сайын кешкі сұхбат өткізуді жолға қойды. Бұл жолғы кездесу жас буынға дін мен дәстүр, білім алудың берекеті жайында ұстаз тарапынан мол мағлұматтар беріліп, өзара сұхбатпен жалғасты. «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы өз кезегінде жастарға қазақы қонақжайлық пен үлкенді құрметтеудің әдептерінен насихат айтты. 

Алаштың арысы атанған Міржақып Дулатұлы:

Жүргеннен тіпті қарап пайдалырақ,

Күніне үйренсең де жалғыз әріп.

Тамшыдан тама берсе болар дария,

Кетпей ме ақырында бір молайып, -деген екен.

Алаш арысы меңзеген осы тәлімді саналы жастар санасында қалыптастыра білу үлкен мүмкіндік.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары