Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің наиб имамы Олжабек Мурсали «Бір айда бір кітап» жобасы аясында мешіт шәкірттеріне дәріс оқыды.
ҚМДБ «Жастар ісі» секторының тапсырмасы аясында жүзеге асқан шараның басты мақсаты жастарды білімге баулып, рухани тәрбиеге тұнған қазақтың ақын, жазушыларының шығармаларымен сусындату.
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 80 жылдығына орай жүзеге асқан шара барысында қылқалам иегерінің «Абай жолы» эпопеясы талқыланып, түсіндірілді.
Қарағанды облысының баспасөз қызметі
Пікірлер