Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдары бауырлас Түркия мен Сирия халқы үшін дұға жасады
08 ақпан, 2023 жыл 626 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы бастаған облыс имамдары Алла Тағаладан Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін арнайы дұға жасады.

«Құрметті мұсылман бауырлар! ...Баршамыз бауырлас түрік елі мен Сирия халқы үшін дұға жасайық! Себебі сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Дұға – мұсылманның қаруы» деген. Бір мұсылманның басындағы қайғы барша мұсылманға қайғы әкеледі. «Көршінің қайығы сынса, менің қабырғам сынғандай болады» деп дана халқымыз айтқандай, түркі халқы мен Сирия жұртына  сабыр тілейміз»,- деді Қарағанды облысының бас имамы.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне жиналған өкілдікке қарасты барша дін қызметкерлері табиғи апаттың салдарынан қиындыққа тап болған екі елдің халқы үшін амандық пен тыныштық тілеп, Жаратқанға дұға етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары