Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының бас имамы Нұр-Мүбарак университетіне барды
08 наурыз, 2023 жыл 302 Басып шығару нұсқасы

   Қазіргі уақытта Алматы қаласында орналасқан еліміздегі бірегей ислам университеті Нұр-Мүбарак оқу орнында Қарағанды облысынан шыққан 50-ге жуық студент білім алуда.  

Осы орайда, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы мен облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Дархан Асылтайұлы Алматы қаласына барған қызметтік сапары барысында аймақтан келген жастардың басын қосып, сұхбат құрды. 

Облыс имамы университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, шариғи білімін шыңдап жүрген жастарға ақыл-кеңестерін бөлісті. Сондай-ақ әрбір студенттің әлеуметтік жағдайы, оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдады.  

Басқосуда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жас маман, ауылға қадам бас, маман» жобасы аясында діни мамандарды ауылға қызметке тартудың кешенді бағдарламасы әзірленіп жатқаны жеткізіліп, осы жолда өкілдік тарапынан да барынша қолдау көрсетілетіндігі айтылды. 

Жиын соңында облыс бас имамы білім іздену жолында жүрген студенттерге арнайы дұға жасап, ақшалай сыйақы тарту етті.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары