Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шәкірттер ұстазға Ұмра қажылығына жолдама тарту етті
08 наурыз, 2023 жыл 233 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «әл Машани» мешітінің имамы әрі «Олжас Есенұлы» атындағы  діни сауат ашу қайырымдылық орталығының директоры Мусин Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен  рухани кеш өтіп,   шәкірттер қауымы бас қосты.

Естеріңізге салар болсақ, 2017-жылдан бастап осы күнге дейін қызмет етіп келе жатқан қайырымдылық орталығы қазіргі уақытта көптеген шәкірттердің діни білім алуына үлкен септігін тигізген ғибрат орталығына айналған.

Бүгінде осы білім ордасынан тәлім алған шәкірттердің басын қосып, рухани кеш өткізу  мақсатында мекеме басшысы берекелі отырыс ұйымдастырды.
Шара барысында берекелі дастархан жайылып,  ілім алудың артықшылығы жайында уағыз-насихат айтылды. 

Сонымен қатар, елеулі ұстаздық еңбегін адал атқарып, көптеген шәкірттің биік жетістікке жетуіне себепші болып жүрген орталықтың ұстазы Тоқтар Ғабдоллаұлына шәкірттер құрмет көрсетіп, Ұмра қажылығының сертификатын тарту етті.

Шара соңында осындай игі шараны ұйымдастыруға мұрындық болған мекеме жанашыры құрметті жамағат Жанарбек Әбдіразақұлына Қарағанды қалалық «әл Машани» мешітінің имамы құрмет көрсетіп, сый-сияпат тарту етті. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары