Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Құран - мәңгі мұғжиза» атты құран жарысы өтті
29 наурыз, 2023 жыл 476 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті рамазан айының құрметіне орай жас жеткіншектер арасында «Құран - мәңгі мұғжиза» атты  құран жарысы өтті. 

Бес бағыттың бірі әрі бірегейі саналатын «Діни оқу ағарту» бағыты бойынша  өткен шара Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен, «Әйел-қыздар» секторының өңірдегі өкілдігінің ұйымдастыруымен  жүзеге асты.

Шараның алғы сөзін облыс бас имамы бастап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Алланың қасиетті кітабы Құран Кәрімді жаттаудың сауабы мен маңыздылығы жайында  уағыз айтты. 

Елуге жуық қатысушы бақ сынасқан жарыс төрт номинация бойынша ұйымдастырылып, қыздардың махражы, тәжуиді, жаттау қабілеті жан-жақты бағаланды. 

Сайыс қорытындысы бойынша Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінен қатысқан Мінуарбек Ажар «30-пара сүрелері» номинациясы бойынша,  Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешітінен қатысқан Медина Еркебұланқызы және  Медина Аянқызы «Дұха және Нәс сүрелері» номинациясы бойынша, Қарағанды қаласынан қатысқан Оманиллаева Асия «Көркем оқу»  және Қарқарал ауданы «Құнанбай қажы» мешітінен қатысқан  Ақсұлу Айдынқызы «Фәжір және Нас сүрелері» номинациялары бойынша үздік деп танылып, бас жүлдеге ие болды.

Жеңімпаздарды облыс бас имамы арнайы алғыс хатпен және қаржылай сертификаттармен марапаттады.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:

«30-пара сүрелері» номинациялары бойынша:

І орын Мінуарбек Ажар, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті (100 000 теңге);

ІІ орын Ахметова Аиша, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті (80 000 теңге);

ІІІ Жұма Хадижа, Теміртау орталық  «Әлихан Бөкейха» мешіті (60 000 теңге);

«Көркем оқу»  номинациялары бойынша:

І орын Оманиллаева Асия,  Қарағанды қаласы (50 000 теңге);

ІІ Еркін Айзере (30 000 теңге)

ІІ орын Амантай Қарақат, Қарағанды қалалық  «Қазыбек би» мешіті (20 000 теңге);

«Фәжір және Нас сүрелері» номинациялары бойынша:

І Бабайбек Ақсұлу Айдынқызы, Қарақаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешіті (70 000 теңге);

ІІ Абдиназарова Фатима,  Қарағанды қаласы (50 000 теңге);

ІІІ  Галымова Аруана Мадияровна (30 000 теңге);

«Дұха және Нәс сүрелері» номинациялары бойынша:

І Жеткенбай Медина Еркебұланқызы, Нұрлан Медина Аянқызы, Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешіті (50 000 теңге);

ІІ Есей Аружан, Қарқаралы ауданы Бүркітті ауылдық мешіті (30 000 теңге);

ІІІ Бабайбек Ақпейіл Айдынқызы, Қарақаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешіті (20 000 теңге).

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары