Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде 250 отбасыға азық-түлік үлестірілді
31 наурыз, 2023 жыл 276 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ-ның Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі қасиетті рамазан айының құрметіне орай «Қош келдің Рамазан» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, 250 отбасына азық-түлік үлестірді.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен жүзеге асқан акция аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға, көп балалы және жалғыз басты аналарға қолдау көрсетілді.

Айта кетсек, қордың жауапты өкілі Мирас Ерланұлының мұрындық болуымен жүзеге асқан қайырымдылық акциялары қасиетті айдың құрметіне орай облысқа қарасты барлық аймақтарда жалғасын таппақ.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары