Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Салауат сайыскерлері марапатталды
18 сәуір, 2023 жыл 304 Басып шығару нұсқасы

   Қасиетті рамазан айының құрметіне орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында жарияланған «Пайғамбарға (с.а.с) салауат» атты сайыс өз  мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

Алдымен мешітке жиналған жамағатқа  облыс бас имамы Естай Айуғанұлы «Алла елшісіне  (с.а.с)   салауат айтудың маңыздылығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. 

Қасиетті түнге жиналған жамағат  екі дүние сардары, сүйікті пайғамбарымызға (с.а.с) жарты сағат салауат жолдады. 

Одан кейін, облыс бас имамы берекелі айдың құрметіне орай жамағат арасында жарияланған «Пайғамбарға (с.а.с) салауат» сайысының  жеңімпаздарын марапаттады. 

Атап айтқанда:

І орын Мұратхан Тоқтарханұлына (70 000 теңге);

ІІ орын Абдулқадыр Ысқақұлына (50 000 теңге);

ІІІ орын Утебаев Нұрлыбекке тиесілі болды (30 000 теңге).

 

Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары