Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде қариға 3 000 000 теңге сыйақы табысталды
22 сәуір, 2023 жыл 204 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ораза айт намазы оқылған соң, Рамазан бойы тарауық намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қари Сабыржан Мұхаммед Аюбжанұлына құрмет көрсетілді.

Алланың сөзін жаттаған  қари Сабыржан Мұхаммед Аюбжанұлына Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы жамағат атынан ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, қаржылай үш миллион теңге сертификат табыс етті.

Сондай-ақ көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары