Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Бас мүфти Алматыда жаңа футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты (ФОТО)
11 мамыр, 2016 жыл 467 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласы, Жетісу ауданындағы «Әли-Мұхаммет» мешітінің жанынан салынған шағын футбол алаңының ашылу салтанатына қатысып, спорт нысанының лентасын қиды.

Жаңа нысан – Бас мүфтидің мешіт жамағатын біріктіру, салауатты өмір салтын насихаттау шараларын ұйымдастыруды басты назарға ұстау тапсырмасына сәйкес ашылып отыр. Бұл елімізде мешіт ауласынан ашылған алғашқы спорттық нысан. Футбол алаңының Көлемі 43х23 метр, жасыл түсті жабынды төселген, 

«Бұл спорттық нысанды ашудағы мақсатымыз – жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды спортпен шұғылдануға шақыру. Алла Елшісі (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Суға жүзуді, садақ атуды, атқа отыруды, күресуді, жүгіруді үйреніңдер, әрі өзгелерге оны үйретіңдер», – деген. Исламда дені сау адамның мәртебесі жоғары. Бүгінде мешіттерде спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді. Мұндай игі шаралар жастарды, жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақырады», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти шара барысында мешіт жұмысымен танысып, сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп, дәрісханаларды аралады.

Шара соңында «Әли-Мұхаммет» мешіті мен Алматы Орталық мешітінің жамағаты алаңда бірлесіп футбол ойнады. Нәтижесінде, «Әли-Мұхаммет» мешітінің жамағаты жеңіске жетті.

Сондай-ақ, игі шараға Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Әуесханұлы, қала имамдары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары