Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ел қорғаған батырлар елеусіз қалмады
13 мамыр, 2016 жыл 725 Басып шығару нұсқасы

Мамыр айының 12 жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешіті және ҚМДБ-ға қарасты Зекет корпаративтік қорының ұйымдастыруымен  9 мамыр Жеңіс күні мейрамына арналған Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жүздесу өтті. Ардагерлерге арнайы мешіт асханасында дастархан жайылып, Қарағанды облыстық филармонияның «Мерей» ансамблінің әншілері әсем әндерін шырқады. Жиналған соғыс ардагерлеріне Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, арқа ақындары Айтбай Жұмағұлов пен Тілеген Әділов жырдан шашу шашып, ардагерлердің көңілін бір серпілтіп тастады. Жалпы жиынға Ұлы Отан соғысының 9 ардагері мен 16 тыл еңбеккерлері қатысты. Жүздесу соңында ақ сақалды ардагерлерге сый-сияпат көрсетілді. Ел қорғаған батырлар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, баталарын берді.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары