Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАС МҮФТИ АТЫНАН БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
29 маусым, 2016 жыл 802 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешіті БАҚ өкілдерінің төл мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан мешіт дәмханасында журналистер қауымына арнап ауызашар дастарханын жайды. Ауызашарға төртінші билік өкілдерімен қоса, ақындар мен асаба азаматтар да шақырылды. Ауызашар жиынын алғашқы болып, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа ашып берді. Қасиетті Рамазан айындағы дұға-тілектер мен ғибадат-құлшылықтарымыздың қабыл болуын тілеген Өмірзақ қажы Қазкенұлы журналистер қауымын төл мерекелерімен құттықтап: «Қолына қару ұстаған адамнан, қалам ұстаған журналист әлдеқайда мықтырақ. Халық пен діннің арасындағы дәнекер – сіздерсіздер, асыл дініміздің насихаты жолында еңбектеріңіз жемісті болсын»,- деп жүрекжарды жылы лебізін жеткізді. Әрі қарай сөз тізгінін қалалық телеарналар ұжымы мен облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшілері жалғастырды. Ауызашар соңында келген қонақтарға мешіт ұжымы алғыстарын айтып, арнайы сый табыс етті. Қасиетті Рамазан айында ауызашар беруді дәстүрге айнлдырған мешіт ұжымына тілшілер мен қаламгерлер де өз алғыстарын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары