Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ  НҰРЫМЕН  ЖЫЛЫТҚАНДАЙ...(ФОТО)
08 қараша, 2016 жыл 272 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің Жастар ісі өкілі Нұржігіт Оразалыұлының ұйытқы болуымен бір топ қарағандылық қайырымды кәсіпкелер қатары әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы жанұяларға жәрдем беріп, қақаған қыстың ызғарында отынсыз отырған 45 отбасыға жалпы мөлшері 105 тоннадай көмір апарып берді. «АСАР»  қоғамдық бірлестігімен Қарағанды өңірі кәсіпкерлерінің жұмыла көтерген қайырымды ісі көпке үлгі болатындай-ақ. Қарағанды маңындағы Теміртау, Саран, Пришахтинск және Федоровка секілді қалаларда тұратын отбасылар да қайырымды жандардың көмегінен құр қалмады. Қайырымды жандардың бастамасына риза болған отбасылар ақ батасын беріп, алғыстарын білдірді. 150 -дей кәсіпкер атсалысқан бұл игі шара әлі де болса жалғасын таппақ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары