Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық орталық мешіт ұжымы ауруханада жатқан нәзік жандыларды зиарат етіп, мерекемен құттықтады (фото)
08 наурыз, 2017 жыл 375 Басып шығару нұсқасы

Облыстық медецина орталығында өзінің сырқатымен күресіп жатқан нәзік жандылар жетерлік. Бірі аяулы ана, бірі ардақты келін, енді бірі қаракөз асыл қарындасымыз. Осындай ардақты жандардың көңіліне медеу болып, жұбаныш сыйлауды, қуаныш сыйлауды мұсылман халқы міндет деп біледі. Қазақта "әйел бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетеді",- деген бекер айтылмаса керек. Осы орайда Қарағанды облыстық орталық мешіттің өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа бастаған мешіт қызметкерлері игі іс атқарып, нәзік жандыларға қуаныш сыйлап,  гүл шоқтары мен мерекелік  сыйлықтар тарту етті. Көктемнің осы бір айтулы мерекесі аурухананың ішіне мерекелік көңіл күй сыйлағандай. Барлығының жүзінде жұбаныш пен қуаныш. Әр палата бөліміне кіріп өзінің ізгі тілегімен батасын берген бас имам Өмірзақ қажы Бекқожа да бос қайтпай, аурухана қызметкерлері мен емделушілердің  үлкен алғыс-тілектерін арқалап қайтты. Соңында Қарағанды облыстық медецина орталығында ақ халатты абзал жандар алақан жайып, бас имам Құран оқыды. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары