Қарағанды 12:59 Бесін
  • 06:58 Таң
  • 08:28 Күн
  • 12:59 Бесін
  • 15:33 Екінті
  • 17:19 Шам
  • 18:50 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Су тасқынынан зардап шеккендерге «Қайырымдылық керуені» жәрдем берді (фото)

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - демекші жұртымыз жұмылып, көктемгі тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. 
Бұл біздің мызғымас бірлігіміздің белгісі.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  мешіттері мен «Зекет» қоры бастаған «Қарағанды Асары» атты қайырымдылық керуені   Бұқар жырау ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға  қажетті деген тұрмыстық заттар мен азық-түліктерін толықтай қамтамасыз етіп, қайырлы іс атқарды.

Басына іс түскен бауырымызға қол ұшын беріп, жәрдемдесуді шариғатымыз да бұйырады. Қайырымдылық қазақ елінің қанына ана сүтімен қатар сінген. 
Қарағанды өңіріне қарасты ауылдарында  су апаты орын алуы тек қарағандылықтардың мойнына түскен қиыншылық емес, бұл барша қазаққа ортақ. «Қайғыны бөліссең жеңілдейді, қуанышына ортақ болсаң молаяды» дейді пайғамбар өсиетінде. Осы ұстанымды негізге алған Талдықорған мешітінің «Қайырымдылық керуені» Бұқар жырау ауданына үлкен жәрдем көрсетіп, сауапты іс атқарды.
Халқымыз көршісі аш отырғызып, түтінін түтеткен ел емес. Қуанышы мен қайғысын суығы мен ыстығын тең бөлісетін елміз. Кезекті қайырымдылық керуені Қарқаралы ауданына аттанған болатын. Табиғи тілсіз жаудан жапа шеккен бұл аймақтың тұрғындарына Алматы облысы мен Жамбыл қаласынан жолға шыққан «Қайырымдылық керуені»  60 тонна азық түлік жеткізді. Халыққа киім-кешек, төсек орындары да таратылды. Сондай-ақ, қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы алғанда 1 800 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп, әр отбасыға 60 000 теңге бөлінді.
Айтып келмейтін табиғи апаттан зардап шегіп, қиыншылыққа ұшыраған ағайындарымызға қол ұшын жалғап, көмектесу мұсылмандық парызымыз. Бір жағадан бас шығарған бауырмал еліміздің бірлігі әрқашан бекем болса кезіккен сынақта сағымыздың сынбайтыны сөзсіз.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика