Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды қалалық №1 мешітінің бас имамы ауысты (фото)
27 мамыр, 2017 жыл 1172 Басып шығару нұсқасы

Мамыр айының 26-күні  Қарағанды қалалық №1 мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, теолог Ершат Оңғаров аталмыш  мешіттің бас имамы ретінде Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлын тағайындап, халыққа таныстырды.

Қасиетті жұма күні жиналған мұсылман қауымның ортасында  Қарағанды облысының өкіл имамы   Өмірзақ қажы Қазкенұлы осы уақытқа дейін Қарағанды  қалалық №1 мешітінде бас имамдық қызметін атқарып келген Кұнанбаев Орманбет Болатұлының иығына шапан жауып құрмет көрсетті.  

Ал, Әл-Азхар университетінің түлегі  Қабылбек Әліпбайұлы  бұған дейін Жезқазған мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған болса, Алматы, Астана мешіттерінде наиб имам қызметін атқарған болатын.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары