Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әуезді азаншы» атты азан шақырудан жарыс ұйымдастырылды.(фото)
26 ақпан, 2018 жыл 745 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ- ның «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруыменен «Әуезді азаншы» атты азан шақырудан жарыс ұйымдастырылды. «Азан» сөзі араб тілінен тікелей аударғанда - «хабар беру», «білдіру» дегенді білдіреді. Ал терминдік мағынасы парыз намаздарының уақыттарын білдіру үшін айтылатын сөздердің жиынтығы. Жалпы Ислам тарихында алғашқы азанды Медине қаласында хазірет Біләл айтқан.  Азан - барша мұсылманды бес уақыт намазға шақыратын діни аса ізгі амал. Азанның өзіндік шығу тарихы мен дінімізде алар орны бар. Кезінде асыл дініміз қанат жая бастаған дәуірде мұсылмандарды құлшылыққа шақыратын бір белгі, әдістің қажеттілігі туындады.  Аталмыш жарыста жүлделі бірінші орынды Аманкелді Ерасыл иеленсе, екінші орынды Амангелді Дос қанжығасына байлады. Ал, кезекті үшінші орын Нұрмұхамбет Байсүгіровке тиесілі болды. Жарысқа төрелік еткен Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза уағыз насихат айтып, қатысушыларға сертификат табыстады. Ендігі уақытта сертификат иеленген қатысушылар аймағымыздың барлық мешіттерінде азан шақыра алады. Азан жарысын өткізудегі мақсат жамағаттар арасын біріктіру, діндегі білімге деген, мешіттің тыныштығына деген көзқарастарын жақсарту. Рухани іс-шараға дән ризашылдығын білдіріп, адағы уақытта осы сынды жарыстар өткізіліп тұрса екен деп ұсыныстар айтты.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары