Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Жастар ісі» секторы және «Әйел - қыздар» секторы науқас жандарды айтулы мерекемен құттықтады (фото)
07 наурыз, 2018 жыл 699 Басып шығару нұсқасы

Облыстық медецина орталығында өзінің сырқатымен күресіп жатқан нәзік жандылар жетерлік. Бірі аяулы ана, бірі ардақты келін, енді бірі қаракөз асыл қарындасымыз. Осындай ардақты жандардың көңіліне медеу болып, жұбаныш сыйлауды, қуаныш сыйлауды мұсылман халқы міндет деп біледі. Қазақта "әйел бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетеді",- деген бекер айтылмаса керек. Осы орайда ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының  және «Әйел –қыздар» секторының ұйымдастыруыменен игі іс атқарып,  аймағымызға қарасты ауруханада ем қабылдап жатқан нәзік жандыларға қуаныш сыйлап,  гүл шоқтары мен мерекелік  сыйлықтар тарту етті. Көктемнің осы бір айтулы мерекесі аурухананың ішіне мерекелік көңіл күй сыйлағандай. Барлығының жүзінде жұбаныш пен қуаныш. Соңында Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы  медецина орталығында ақ халатты абзал жандарға ізгі ниетін айтып, алақан жайып, Құран оқыды.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары