Тілдік нұсқа
Радио

Фото

"ҚАРАҒАНДЫ АСАРЫ" АЯГӨЗ АУДАНЫНА ИГІ САПАР ЖАСАДЫ (ФОТО)
02 сәуір, 2018 жыл 681 Басып шығару нұсқасы

Наурыз айының он бірі күні Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудынының орталығы Аягөз қаласын кесіп өтіп жатқан өзеннің суы арнасынан тасып, алапат екпінмен көше бойындағы біраз үйлерді қоражайымен қоса ағызып кетіп, тұрғындарға біраз ауыртпалық әкелген еді. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз xазреттің тапсырмасына сәйкес, осы игі бастамадан Қарағанды өкілдігі де тыс қалмай күні кеше ғана, яғни жиырма тоғызыншы наурыз күні Қарағанды төрінен Аягөз қаласына «Қарағанды Асары» атымен қайырымдылық керуенін жөнелткен еді.

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамының орынбасары Мұсабеков Нұржігіт  Оразалыұлы мырза бастаған бір топ делегация  үлкен жүк көлігімен (Камаз) жеткізілген төрт тонна  азық-түлік пен киім-кешек және төсек-орынды Аягөз қаласындағы табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға жеткізді. Сонымен қатар, Қарағанды және Алматы мешіті өкілдігі бірлесіп, бір мұқтаж отбасына жылы шаңырақтың кілтін табыс етті. Мұндай қуанышты жаңалықты күтпеген қуаныш иелері көздеріне жас алып, «Қарағанды Асары» керуеніне алғыстарын жаудырды. Қиналғанда қасынан табылып, сүрінгенді демеп, жылағанды жұбату қанында бар қазақ елінің тағы жомарт жүрек жандарына ризашылықтарын білдірді. Аталмыш мекенде игі іс атқарылған күні елімізге белгілі «Асыл Арна» телеарнасы репортаж түсіріп, Аягөз қаласының әкімі, депутаттар, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамының орынбасары Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы және зиялы қауымдар болды.

Айта кетейік, Қарағандыдан шыққан керуен сапарына ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі, «Әнет баба»  мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырзаның  ұйытқы болып, имамдар жұдырықтай жұмылып, қала тұрғындары мен мешіт жамағаттары және атымтай жомарт азаматтар үлес қосқан болатын.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары