Қарағанды 13:06 Бесін
  • 05:20 Таң
  • 06:45 Күн
  • 13:06 Бесін
  • 17:19 Екінті
  • 19:16 Шам
  • 20:41 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Ораза айт «Әнет баба» мешітінде ұлттық нақышта тойланды (фото)

Рамазан айының аяқталуымен келетін үш күндік Ораза айтының қадір-қасиеті ерекше. Алла Тағала айт сайын адам баласына әр түрлі жақсылықтар береді.

Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке. Айт күнінің негізгі ерекшеліктері - адамдарды бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады.                                                    Үш күн тойланатын Айт мейрамы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  алдымен айт намазын оқумен бас­талып, ауқымды іс- шаралармен өз жалғасын тапты.

ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза таң намазынан бастап, айт намазына дейін тұщымды уағыз айтып, халықты шүкіршілік пен татулыққа үндеді. Ораза айтының мән-маңызын түсіндірді.

Одан соң жамағат арасында ұлттық ойындар жоспар  бойынша өткізілді. Атап айтқанда  кір тасын көтеру, арқан тартыс, қазақша күрес, аударыспақ ойындары ойнатылды. Әсіресе, аударыспақ пен қазақша күрес ойыны жамағаттың көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті. Ойын соңында жеңімпаздарға өкіл имам Өмірзақ қажы Бекқожа  марапаттау қағаздары мен бірінші орын иеленген жеңімпаздарға 100 мың теңге, екінші орын иеленушілеріне 50 мың теңге, үшінші орынға 30 мың теңге  ақшалай сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, жамағат алдында дін жолында көрсеткен жәрдемі үшін «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы  ұлттық спорт комитетінің ұжымын, қол ұшын созған қайырымды жандарды және демеушілік жасаған азаматтарды арнайы өкіл имамның алғыс хаттарымен марапаттады.

Қасиетті жұма күніне тұспа - тұс келген бұл күні жұма намазынан соң Рамазан айының жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан қарилар мен олардың ұстазына алғыс хат берілді.

          Сонымен бірге мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде мұсылман жамағатына діни заттар, ұлттық тағамдар, қолөнер мен зергерлік бұйымдар ұсынылды.

 

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика