Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БІЗ ӨЗІМІЗДІ ДІНИ САЛАҒА БАҒЫШТАУЫМЫЗ КЕРЕК – БАС МҮФТИ (ФОТО)
25 маусым, 2018 жыл 121 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форумда Түркістан облысының имам-молдаларына дәріс берді.

Дәрісте Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: «Қадірлі бауырларым, әріптестерім! Біз өзімізді діни салаға бағыштауымыз керек. Сонда ғана діни сала өркендейді. Діни қызметке ыждаһаттылық пен махаббат қажет. Өйткені, біз, дін қызметкерлері кешегі пайғамбарлар мен сахабалардың мирасқорларымыз. Өзін діни салаға бағыштау сынды асыл қасиет – әрбір имамның бойынан көрініс табуы тиіс», – деп атап өтті.

Айта кетейік, Шымкент шаһарында өткен халықаралық форумға Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти, мәртебелі мейман Усманхан қажы Алимов бастаған бауырлас елдің біртоп делегациясы мен жергілікті зиялы қауым өкілдері, 600-ден астам имам қатысты.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары