Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде Қарағанды облысына қарасты қалалар мен аудандардың имамдарымен оқу ағарту іс-шараларына байланысты кездесу өтті (фото)
23 шілде, 2018 жыл 607 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің өкіл имамының міндетін атқарушы Кәрсембай Дархан Асылтайұлы оқу ағарту іс-шараларына байланысты аудан, қала имамдарымен   кездесу өткізді. Кездесу барысында облыс бойынша еліміздің медреселері мен жоғары оқу орындарына жіберіліп жатқан шәкірттердің жобасы, сынақтан өткен шәкірттер мен өтпеген шәкірттерді қамтамасыз ету шаралары, рухани-өнегелі тәрбие берудің маңызды мәселелері талқыланды. Сонымен қатар,  кездесуде облысымыздағы діни білім берудің жайы қозғалды.

Қорытынды бойынша жалпы Қазақстандағы тоғыз медресе мен бір университеттен білім алуға облысымыздан барлығы 50 шәкірт дайындалып жатқандығы белгілі болды. Осы турасындағы мәселелер жан жақты талқыланып, аудан қала имамдарына тиісті нұсқаулар берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары