Қарағанды 18:10 Екінті
  • 04:24 Таң
  • 06:01 Күн
  • 13:16 Бесін
  • 18:10 Екінті
  • 20:20 Шам
  • 21:56 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

ҚМДБ жанындағы діни қатынастар бөлімінің басшысы Ершат қажы Оңғар Қарағанды облысындағы бой көтерген жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысты (фото)

Қарағанды облысында күмбезі көкпен таласқан тағы бір зәулім мешіт есігін айқара ашты. Шілде айының 23-ші Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында өткен "Ақтүбек орталық мешітінің" ашылу салтанатына ҚМДБ жанындағы діни қатынастар бөлімінің басшысы, белгілі исламтанушы Ершат қажы Оңғар және ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ  қажы Бекқожа арнайы келіп, дұға бағыштап, игілігі мол шараға ақ батасын берді. Құрылысы бір жыл бұрын басталған, жүзден аса мұсылманның құлшылық етуіне арналып салынған мешіт бүгінде толықтай аяқталып, сауапты да жауапты қызметіне кірісіп кетті. 

Жаңа мешіттің ашылуы салтанаты қасиетті Құран оқумен басталып, құттықтау сөз аудан әкімі Ержан Бекқожинге, Жаңаарқа ауданы Халық мешітінің бас имамы Асхат Қанайұлына, ҚМДБ жанындағы діни қатынастар бөлімінің басшысы, белгілі исламтанушы Ершат қажы Оңғарға берілді. Ершат қажы мешітті 200 тарта діни кітаптармен толықтырып, жаңа ашылған мешіттің имамы Сабыр Кәрібайұлына қасиетті Құран Кәрімді және ек жүзге жуық діни кітаптарды сыйға тартты. Сондай-ақ, Астана қаласынан келген арнайы мейман осы мешіттің ашылуына белсене қатыстан ауыл тұрғындарына өзінің ыстық лебізін жетізді.

Ақтүбек ауылының мешіті Қарағанды облысы бойынша 141-ші құлшылық үйі  болып тіркеліп отыр. Мешіттің зердесін кесу құрметі аудан әкімі Ержан Бекқожин мен ҚМДБ жанындағы діни қатынастар бөлімінің басшысы, белгілі исламтанушы Ершат қажы Оңғарға берілді. Ресми түрде лентасы қиылған жаңа құлшылық ордасының ішкі сәулетімен танысқан жамағат мешітте бесін намазын оқыды. Жамағатпен оқылған намаздан соң арнайы тігілген  киізүйлерде ақ дастархан жайылып, қонақасы берілді.

Ақ түйенің қарыны жарылған бұл күні Ақтүбектердің қуанышын бөлісуге еліміздің түркір-түпкірінен суырып салма, республикалық, халықаралық жүлделердің жеңімпаздары Өміржан Көпбосынов, Мұхтар Ниязов, Дидар Қамиев, Айбек Қалиев,  Мейірбек Сұлтанхан, Аруна Керімбек сынды от тілді, орақ ауызды айтыскер ақындар келіп,  өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, жан жақтан балуандар келіп, ұлттық күрес түрлерінен жарыстар өтіп, жүлделі орындар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Келген өнерпаздар ауыл жұртшылығын қуантып, құлақ құрышын қандырар әсем әннен шашу шашып, күмбірлете күй төкті.

Ынтымағы жарасқан еліміз имандылық жолына түсіп, елдікті берік қалар жастардың көбеюі қуантады. Тура жолды ұстанатын бауырларымыздың көбеюі үшін осындай мешіттердің бой көтеруі құптарлық іс. «Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с): «Кімде-кім Алланың дидарын қалап, мешіт тұрғызған болса, Алла тағала жәннатта оған сондай үй тұрғызады», - деген хадисін орындап, сауапты іс жасаған ауыл жастарына Алла разы болсын дейміз.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика