Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАӘ қыз-келіншектердің күні аталып өтеді
28 тамыз, 2018 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

28 тамызда БАӘ-де әмірліктегі қыз-келіншектердің күні аталып өтетін болады. Бұл мерекеде қыз-келіншектердің рөлі мен олардың мемлекет дамуына қосқан үлесіне баса көңіл аударылатын болады. Оқиға аясында Әйелдер Одағының төрайымы Шейха Фатима Бинт Мубарактың қамқорлығымен Заед Жылына орайластырылған шара өткізілмек.

Айта кету керек, БАӘ-гі нәзік жандылардың қоғамдық өмір ілгерілеуіне қосқан үлесін  марапаттауда басты рөлді елдің негізін қалаушы-әмірші атқарды. «Қоғамда маңызды рөл атқаратын қыз-келіншектерді көру мені бақытқа бөлейді және де олардың жетістікке қол жеткізуіне ештеме кедергі келтірмеуі тиіс», - деп атап өтті әмірші.  

Сондай-ақ, отбасы даму қорының Жоғарғы төрайымы және ана мен бала мәселелері жөніндегі Жоғарғы кеңестің төрайымы Шейха Фатиманың өзі БАӘ-гі қыз-келіншектердің жағдайының жақсаруының аса көрнекті жақтаушысы болып табылады, ол қыз-келіншектердің мүмкіндіктерін кеңейтуге әрі оларды мемлекеттің дамуына жұмылдыруға бағытталған қолдаушы кампанияларды құруда.

Әмірліктің қыз-келіншектері түрлі мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде, БАӘ федералды үкіметте 9 министр келіншек қызмет жасайды әрі ұлт мүдесін қорғайды.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары