Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қорқынышты жеңу үшін...
18 қыркүйек, 2018 жыл 175 Басып шығару нұсқасы

Көлдің басында отырған адамның назары бір итке ауады. Қатты шөлдеген ит көлдің басына келеді де су ішер кезде, кері қарай бұрылып, қаша жөнеледі.

Иттің бұл қылығына алғашқы түсінбеген адам кейіннен барып істің мәнісін түсінгендей болады. Ит суға жақындап келіп ішпек болғанда, судағы өз бейнесінен қорқып қаша береді. Бірақ бұл бұлай жалғаспайды. Ақыры шыдамы таусылған ит судың ортасына секіріп, шөлін қандырады. Мұны ұзақтан бақылап отырған адам былай деп ойға батады:

- Адамның алдына қойған арман тілек мақсаттарына көбінесе қорқақтығы тосқауыл болады. Адам мұны аттап өтсе, мақсатқа жетеді.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары